Қайырымдылық
TengizTransGroup тұрақты негізде жыл сайын Қазақстан Республикасының түрлі қауымдастықтары мен қорларына қайырымдылық көмек көрсетеді және осы мәселеге ерекше назар аударады.
TTG өз қызметінің негізгі өңірлерінде, атап айтқанда Қазақстанның Атырау облысында ірі жұмыс беруші болып табылатындықтан, компания қызметкерлер мен халық тарапынан сенімге ие болып, мойындауға қол жеткізу оның маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынына нық сенеді. Компания және оның еншілес ұйымдары жұмыс істейтін аймақ тұрғындарының әл-ауқаты, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтардың ұзақ мерзімді даму мүдделері TTG сәтті жұмыс істей алатын көрнекті және тұрақты іскерлік ортасын құрудың өзегі болып табылады. Сондықтан біз қызметкерлерімізге, тұрғындарға және қоршаған ортаға қамқорлық көрсете отырып, қоғамның үдемелі дамуына ықпал етуді өзіміздің маңызды міндетіміз деп санаймыз. Осыған байланысты TTG жыл сайын қайырымдылық және демеушілік мақсаттар үшін бюджеттен қаражат бөледі.
2019 жылдың тамызында TengizTransGroup мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қарағанды облысының Абай қаласындағы психологиялық-педагогикалық түзету орталығын ашу және техникалық жарақтандыру бойынша «Дара» жеке қорына қайырымдылық демеушілік көмек көрсетті.
2019 жылдың күзінде TengizTransGroup шақырылған итальяндық хирург Роберто Пужедумен «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қорының және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Көмей патологиясын емдеудің заманауи тәсілдері» қайырымдылық іс-шарасын өткізуге өз үлесін қосты.
«Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қорының «Балаларға өмір сыйла» жобасын іске асыру мақсатында 2021 жылғы наурызда TTG-мен«Бас ми ісігі» және «Шала туылған нәрестелер ретинопатиясы» диагноздары бар Атырау қаласынан келген екі балаға ота жасау бойынша қайырымдылық көмек көрсетілді.
«Tengiz Trans Group» ЖШС-нің қолдауымен 2022 жылдың қараша айында Атырау облысының облыстық балалар ауруханасы медициналық жабдықтармен толықтырылды. Мүгедектерге арналған үш арба, бес медициналық үстел, науқастарды тасымалдауға арналған бес арба, бес хирургиялық электр сорғы құрылғысы, жаңа туған нәрестелерге арналған жеке жұмыс үстелі бар бес электронды таразы, бір биологиялық қауіпсіз II класты ламинарлық бокс және екі 16 литрлік озонатор-стерилизатор сыйға тартылды.